Фото: .kursiv.media
Соңғы 5 жылда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне жұмсалған шығыстары іс жүзінде 3 есе ұлғайған.
Атап айтқанда, бұл саллараға жұмсалған қаражат көлемі 2018 жылы 0,04 трлн теңгены құраса, 2022 жылы 0,11 трлн теңгеге көтерілген. Бұл 2018-2022 жылдардағы барлық шығыстардың шамамен 0,5% құрайды.
«Жалпы алғанда, мемлекеттік бюджеттен шығыстардың ең азы өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне, сондай-ақ отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға жұмсалады. Жұмсалған қаражат көлемі 2018-2022 жылдары ЖІӨ-нің шамамен 0,1% және 0,2% құраған», дейді экономикалық зерттеулер инситуты, Фискалдық саясат орталығының жетекші сарапшысы Эльмира Осипова.