Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері аумағында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды. Бұл туралы Ақордадан хабарлады.
Түркі мемлекеттері басшыларының жиынында сөз сөйлеген Тоқаев көптеген елдердің шекараға бағынбайтын жаңа қатермен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Соған орай ұйым аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды.
– Бұл Кеңес мемлекеттеріміздің іс-қимылын үйлестіріп, күш жұмылдыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік пен технологиялық байланысты бекемдей түседі. Биыл қыркүйекте осы тақырып бойынша Алматыда өткен конференция нәтижелері киберқауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты күшейту аса маңызды екенін тағы да растады, – деді президент.
Сондай-ақ ол 2026 жылы Алматыда Креативті экономика форумын өткізуді ұсынды. Тоқаевтың пікірінше, мұндай қадам...