«Наурыз» бен «7-20-25» бағдарламаларынан өткендерден бюджетіне сай пәтер таба алмай жүргені туралы шағым жиі түседі. Баспананы тек бастапқы нарықтан, Отбасы банкімен жұмыс істейтін компаниялардан алуға рұхсат етілгендіктен, таңдау да шектеледі. Осыған байланысты Kursiv.media тілшісі жаңа пәтерлердің бағасын бақылауға алу мәселесін көтеріп, «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимованың пікірін білді.
Құрылыс компаниялары лимитті көтеруді сұрап отыр
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, соңғы үш айда құрылыс компаниялары ипотекалық лимитті арттыру туралы ұсыныстар жолдап келеді. Олар лимитті 36 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін көтеруді сұраған.
«Үш айдан бері құрылыс компаниялары осы лимит бойынша хат жіберіп жатыр. Олар лимиттің аз екенін...