Әнші Садраддин бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға баспана сыйлады. Өнер иесі отбасыға жаңа пәтердің кілтін ұсынды.
Әнші бұл сәтті Instagram парақшасында бөлісіп, отбасыға тосынсый жасаған видеосын жариялады.
«Бес жасар бала Садраддиннің арманы орындалды» деген жазумен жарияланған бейнежазбада әнші бала күніндегі баспана туралы арманын еске алады.
Садраддиннің айтуынша, ол анасы екеуі пәтерден пәтерге көшіп жүрген кезде өз үйлері болғанын армандаған.
«Қазір, шүкір, Құдай осындай мүмкіндік беріп тұрған кезде бір отбасын қуантып, олардың арманын орындауды шештік. «Өз баспанамыз болса» деген бес жасар Садраддиннің бала күнгі арманы еді. Қазір пәтер жалдап тұру – көпбалалы жалғызбасты ана үшін үлкен...