Қазақстандық дәрігерлер науқасты қабылдап, қарауға берілетін 15 минуттың жеткіліксіз екенін айтып шағымданып жатыр. Олар бұл уақыттың басым бөлігі Damumed-ті толтыруға кететінін айтады. Журналистер бұл сұрақты министр Ақмарал Әлназароваға да қойып көрді.
Денсаулық сақтау министрі науқасты қарау уақытын ұзарту мәселесімен 2024 жылдан бері айналысып келе жатқанын айтады. Былтыр бірнеше медициналық-ақпараттық жүйелерді біріктіргеннің арқасында дәрігерлердің жұмыс уақыты 40 пайызға азайды деп сендірді.
«Екінші мәселе, орта буын медицина қызметкерлеріне осы жұмыстарды жүктеу мәселесі бұйрықпен бекітілді. Бүгінгі таңда барлығын жасадық деп айта алмаймыз, себебі әлі де жұмыс көп. Жыл аяғына дейін қазақстандықтардың барлық деректері үлкен ұлттық қоймаға жинақталуда. Бүгінгі таңда...