ҚР ИИДМ Көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісіновтің айтуынша, 2022 жылы көмір өндіруші компаниялар 113,9 млн тонна қатты отын өндіріп, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,9-ға көп. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша көмір экспорты 32,5 млн тоннаға жетті. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 11,03 млн тонна, энергетикалық кешендерге 64,4 млн тонна, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5,97 млн тонна көмір жөнелтілді», деді Ж.Игісінов.
Министрлік жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2022-2023 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың қажеттілігіне байланысты көмір өнімдері көлемінің жоспарын дайындады. Соған сәйкес тұтыну көлемі – 9 млн тоннаға жетпек. Оның ішінде коммуналдық тұрмыстық сектор...