Қатар инвесторына сатылатын Аltel/Tele2 байланыс операторлары үшін аймақтарда мұнаралары салынбақ. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу порталында «Мобайл Телеком -Сервис» ЖШС 20 лот орналастырды. Бұл ЖШС жеке оператор ретінде жұмыс істейтін Tele2 және Altel брендтеріне иелік етеді.
Ашық тендер 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтпек. Лоттардың жалпы сомасы – 51 036 434 000 теңге. Талқылау 5 ақпанда аяқталады. Құрылыс мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастан 2026 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс.
Әрбір лотта сатып алу нысанасы ретінде «толық біткен» кешенді құрылыс жұмысы көрсетілген. Техникалық құжаттамада мердігер базалық станцияларды жобалау және орнату, оның ішінде ішкі антенна жүйелері, антенналы...