Flightradar24 сайтының мәліметі бойынша, Air Astana әуе компаниясының KC881 рейсі Алматыдан Оралға ұшып, бірақ қалаға жетпестен кері қайтып, Алматыға қонған.
Әуе кемесінің неге кері қайтқанын Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі түсіндірді. Олардың мәлімдеуінше Алматы-Орал бағытындағы ұшақта жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Сол себепті әуе кемесінің командирі Алматыға қайту туралы туралы шешім қабылдаған.
«Алматы-Орал КС 881 рейсін бүгін орындаған Air Astana авиакомпаниясының ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты Алматыға қайтып келді. Әуе кемесінің командирі дәрігерлерді Алматы әуежайына шақырды. Ұшақ сағат 15:10-да штаттық режимде қонды. Науқас жолаушы жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді. Оралға ұшудың күтілетін уақыты сағат 16.00-де», – делінген компания...