Утильалым төлемінің мөлшері азайғаннан кейін қазақстандықтар жаппай ескі көліктерге көше бастады. Сенаторлар тобының бұл мәселеге қатысты депутаттық сауалына премьер-министр Олжас Бектенов осылай деп жауап берді.
Елдегі автокөліктердің 63 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен
Үкімет басшысының мәлімдеуінше, еліміздегі утиль төлемі көрші мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай аз. Олжас Бектенов 2015 жылы бұл төлемді енгізу көлік паркін жаңартуды ынталандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жасалғанын атап өтті. 2015 жылдың басында елдегі автокөліктердің 75,4 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен.
«2022 жылдың басында утильалым 50%-ға қысқарғанға дейін 10 жылдан асқан автокөліктердің үлесі 63%-ды, ал 3 жылға дейінг...