Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандық мұнай қай елдерге экспортталғанын айтты.
Министр мұнай экспорты да өсіп, 70,5 миллион тоннаны немесе 109,6%-ды құрағанын мәлімдеді. Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталғанын атап өтті. Бұл жоба өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды.
«Қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы «Шведт» МӨЗ бағытындағы Дружба мұнай құбыры арқылы Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалдады, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы мұнай экспортын 3,4 млн тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға мүмкіндік...