Мәжіліс депутат Бақытжан Базарбек Алматыдағы сейсмикалық институттың жағдайы мүшкіл жағдайын жеткізді. Ондағы ғылыми қызметкерлердің жобаларын министрлік кері қайтарып, тіпті айлықтарын да уақытылы алмайтынын атап өтті.
Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Бақытжан Базарбек Алматыдағы сейсмикалық институттың бүгінгі ахуалын баяндап берді.
«Дүйсенбі күні Алматыда үлкен жер сілкінісі болды. Күні кеше мен Алматыдағы сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездестім. Сіз қазір осы жерде «үкіметтен қолдау көрсетіліп» жатыр деген бірталай іс-шараларды айтып отырсыз. Іс жүзінде, олар бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбады. Ғылыми жобаны жоғарғы министрлікке жіберсе оны қайтарып жіберіп жатыр. Бүкіл қаржыландырудан...