Еуроодақ Apple компаниясына 1,84 миллиард еуро айыппұл салды. Брюссель корпорацияны iPhone және iPad пайдаланушыларына қасақана қымбат ұсыныстарды көрсетіп, өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланады деп айыптайды.
Монополияға қарсы тергеу 2019 жылы басталды. Ол кезде Spotify швед сервисі App Store комиссиясына байланысты ай сайын жазылым құнын көтеруге мәжбүр екенін мәлімдеп шағым түсірген.
Бұл істі тексере келе Еуропалық комиссия америкалық корпорацияның пайдаланушыларға арзан балама таңдау мүмкіндігін қасақана қиындатқанын анықтаған. Әзірлеушілер жазылым бағасы қолданбадан тыс жағдайда арзанырақ екенін хабарлай алмаған. Өйткені мұнда сатып алулар тек Apple механизмдері арқылы жүзеге асырылып келген.
Бәсекелестік жөніндегі Еуропалық комиссары Маргрете Вестагер X әлеуметтік желіде осы жағдайға...