2023 жылы Қазақстан 13,7 млн долларға жиһаз өнімдерін экспорттады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Өнімдерінің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілген. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Есептік кезеңде еліміздің кәсіпорындары жалпы сомасы 82,6 млрд теңге болатын жиһаз өндірген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға көп.
«2023 жылы өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі жиһаз өнеркәсібінің үлесі 0,18% болған, ал өңдеу өнеркәсібінде 0,4 пайызға тең болды. Саланың физикалық көлем индексі көрсеткіші – 143,5%», – делінген хабарламада.
Негізінен ас үйге арналған жиһаздар (50,4%) және кеңсеге арналған ағаш жиһаздар (5,4%) көбірек өндіріліп, тауарлар өсіміне ықпал етіп отыр. Ал...