Илон Маск X әлеуметтік желісі негізінде теледидарларға арналған YouTube-тің баламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Fortune журналының хабарлауынша бұл платформа жақын күндері іске қосылуы мүмкін.
Басылымның хабарлауынша, Илон Маскқа тиесілі X (бұрынғы Twitter) YouTube-пен бәсекелесу үшін Amazon және Samsung Smart теледидарларына арналған қолданбаны іске қосады.
Fortune журналының дереккөздеріне сенсек, жаңа платформаның интерфейсі теледидарларға орнатылған YouTube қолданбасымен бірдей болады.
«Маск YouTube-пен бәсекелесуге бел байлады», – деп мәлімдеген басылым дереккөзі.
Еске сала кетсек, Илон Маск өзінің Tesla-дағы үлесін 25%-ға арттырғысы келетінін өзінің Х әлеуметтік парақшасында мәлімдеген болатын.
Ол өзінің Tesla-дан тыс өнімдер шығарғысы келетінін хабарлаған. Маск Tesla-ны...