Жер қойнауын пайдалану шеңберінде жобалау құжаттарына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларына өзгеріс енгізілді.
Оған сәйкес, барлау жұмыстары мен сынамалық пайдалану жобасына 1 тәуелсіз сарапшы шақыртылуы керек. Ал даму жобасын әзірлеу мен талдауға 2 тәуелсіз сарапшы тартылады.
Орталық комиссия жобаны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны тәуелсіз сараптама жүргізу үшін сарапшыға жібереді. Сонымен бірге бұл жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны бір мезгілде хабардар етуі керек.
Бұдан әрі сарапшының қорытындысы көмірсутектер кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияға ұсынылады.
Жобалардың тәуелсіз сараптама ақысы жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектердің барлау сатысына немесе геологиялық қорларына байланысты төлейді.