Қазақстанда 37 жаңа қоқыс өңдеу зауыты салынады. Бұл жайлы Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік 45 жобаны пысықтаған.
«Оның 37-сі жаңа зауыттың құрылысы болса, 8-і жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуаттылығын арттыруды көздейді. Жобалардың жалпы қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннадан асады. Ал құны – 171,6 млрд тенге болады. Оның ішінде жеке инвестициялардың көлемі 34,3 млрд теңгені құрайды», – деді министр.
Министр жобаларды жүзеге асыру қалдықтарды қайта өңдеу көлемін жылына 1,5 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады.
«Биыл қайта іске қосылған ЭкоҚолдау...