Еліміздің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы санының өсімі туралы мәліметтерді жариялады.
Бюроның ресми мәліметінше, жыл басынан 1 ақпанға дейінгі кезеңде еліміздегі халықтың саны 20 053 665 мың адам болған. Өсім пайызы – 0,10.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 ақпанына дейін халық санының өсімі 20 119 адамды құраған. Өсім пайызы – 0,10. Қазақстан халқының басым бөлігі – 12 451 004 адам қалада тұрады. Ал, ауыл халқының саны – 7 580 007 мың адамды құрап отыр.
Елдегі халық санының өсімі бойынша Алматы мен Астана қалалары көш бастап тұр. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада 2 234 963 адам тұрса, елордада...