Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру қарқыны қаралды. Олжас Бектеновтің айтуынша, бұл мәселе осыған дейін бірнеше рет талқыланған. Алайда әзірге нақты нәтиже жоқ.
Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары ұзаққа созылған.
«Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ», – деді Үкімет басшысы.
«Әзірге нақты істен гөрі, жалаң сөз күйінде қалып отыр»
Бектеновтың дерегінше, Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де кешігіп жүзеге асырылуда. Сондықтан ауылды...