Фото: kursiv.media
Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және басқа елдер бар. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.
Сонымен қатар, Қазақстанға шақыру туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылады.
Бұдан бөлек, БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.
«Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар, біз көші-қонды бақылауды...