ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша сауда өкілінің көмекшісі Брендан Линчпен кездесіп, екіжақты өзара ынтымақтастықты арттырудың жолдарын талқылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Вице-министр Қазақстанда сирек кездесетін және сирек жер металдарының, атап айтқанда құрамында сирек жер металдары бар минералды шикізаттың айтарлықтай ресурсы жеткілікті екенін айтты. Сонымен қатар жаңа инвесторларға қатты пайдалы қазбаларды өндіру мүмкіндігі жер қойнауын пайдалануға құқық беретін аукционды өткізу арқылы жүзеге асыру көзделгенін жеткізді.
Өз кезегінде Б.Линч ҚР ИИДМ мен АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру, геология және минералдық ресурстар...