Михаил Ломтадзе Қазақстандағы инновациялардың дамуы, реформалар және Kaspi.kz-тің бірегей тәжірибесі туралы Сан-Францискода (АҚШ) өткен Morgan Stanley Technology, Media and Telecom 2023 конференциясында айтты.
Morgan Stanley Technology, Media and Telecom конференциясы 30 жылдан аса уақыт бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін ол басты оқиға саналады. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск пен Google, Microsoft, PayPal және әлемдегі басқа да жетекші компаниялардың басшылары сөйледі.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Конференцияда біз ең алдымен Қазақстан туралы, инновациялардың қарқынды дамуы туралы және біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін қалай жақсартып жатқанымыз жайлы айтып өттік...