Еліміздің IT саласында 10 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty-2023 форумында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, осы салада 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр. IT-индустрияда еңбек ететін бір адамның өзі аралас салаларда 3 жұмыс орнын құруға қауқарлы.
Мемлекет жалпы процестерді немесе экономика салаларына ғана цифрлы трансформация жасаумен шектелмей, азаматтардың өмір сүру кезеңінің барлығында бизнес-процестерді автоматтандыру үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деді министр.
Алматы қаласының әкімі Ербола Досаевтың айтуынша, мегаполисте қазір қызметтің 96 пайызы цифрлы форматта көрсетіледі.
«Алматының әрі қарайғы дамуы жолындағы маңызды жобалар қатарында қала басқару...