Елде бір жылда жаңа 20 мешіт пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 54%-ға көп. Мұндай талдауды Бірінші кредиттік бюро мамандары жасаған.
Бұған дейін мұндай көрсеткіш 2015 жылы тіркелген. Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, он жыл бұрын елде 24 мешіт ашылған.
Ал 2021-2025 жылдары ашылған мешіт саны оған дейінгі бес жылмен салыстырғанда екі есе көп.
«Мешіттерді өзара салыстыру мүмкін емес, себебі нысанның қанша адамға лайықталғаны жарияланбайды. Мұны тек жұмсалған қаражатқа қарай бағалай аламыз.
2025 жылы ашылған мешіттерге 12,6 млрд теңге жұмсалған. Алайда рекорд 2022 жылы орнатылды. Ол кезде 118,8 млрд теңге жаңа ашылған мешіттерге...