Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енеді
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) күшіне енеді. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға қолжетімді зейнетақы жинақтарының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Мұны enpf.kz сайты...