Freedom Bank «Аграрлық несие корпорациясымен» келісімшарт жасасып, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын тиімді мөлшерлемемен несиелендіруді бастады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанда агроөңдеу саласын қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылды. Енді ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шағын, орта және ірі бизнес банк арқылы жылдық 5% жеңілдік мөлшерлемесімен (ЖСТМ 5%) мақсатты қаржы ала алады. Несие айналым қаражатын толықтыруға қолжетімді, бұл ондаған компанияға жабдықты жаңартуға, отандық шикізатты көбірек сатып алуға және өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Фермерлер тарапынан бұл бағдарламаға үлкен қызығушылық байқалып отыр. «Аграрлық несие корпорациясымен» келісім 6,5 млрд теңгеге жасалды, ал қазіргі таңда қаралуда тұрған жобалардың жалпы...