Жамбыл облысында полиция қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында бұзылып қалған көлікке көмек көрсетті. Ал көліктің ішінде Өзбекстаннан келген жас футболшылар болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға автожолдың 568-шақырымында, Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылына жақын жерде болған. Автобуста Өзбекстанның 42 азаматы – 37 бала және 5 ересек адам болған. Команда Қырғызстанда өткен халықаралық футбол турниріне қатысып, үйіне қайтып бара жатқан жолда көлік бұзылған.
Оқиға туралы хабарлама алған бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Балалар аптап ыстықта қалмау үшін ересектермен бірге Нұрлыкент ауылының Мәдениет үйіне жеткізді.
«Қонақтар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылып, ауызсумен қамтамасыз етілді және демалуға...