АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімді мақұлдады, бұл корольдікке азаматтық атом бағдарламасы үшін уранды байытуға мүмкіндік беруі мүмкін, деп хабарлайды AP. Шешім әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
Агенттіктің мәліметінше, келісімді 22 шілдеде таныстыруы мүмкін. Құжат 30 жылға есептелген және Сауд Арабиясының атом энергетикасын дамытуға америкалық компаниялардың қатысуын көздейді. Уран байыту кәсіпорнын салу мүмкіндігі екі елдің бірлескен зерттеуінің қорытындысы бойынша қарастырылады.
Келісімді АҚШ Конгресінің қарауына жіберу жоспарлануда. Кейбір заң шығарушылар Сауд Арабиясында меншікті уран байыту қуаттылықтарының пайда болуы Таяу Шығыстағы ядролық бәсекелестікті күшейтеді деп қауіптенеді.
Дереккөздердің бірінің айтуынша, келісім МАГАТЭ тарапынан күшейтілген бақылауды қарастырмайды. Атап айтқанда...