Қазақстан экономикасының күретамырына айналған сауда секторы бюджет қоржынын толтыруда шешуші рөл атқарып отыр.
Былтыр еліміздің ең ірі 20 сауда компаниясы мемлекет қазынасына 690 миллиард теңгеден астам салық аударды. Finprom.kz сайтының жазуынша, цифрлық технологиялардың қарыштап дамуы мен тұтынушылық сұраныстың артуы бұл саланы ел дамуының басты драйверіне айналдырған.
Үздік үштік: Көш басында – Kaspi.kz
2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда секторындағы ең ірі салық төлеуші мәртебесін Kaspi.kz маркетплейсі иеленді. Компанияның төлеген салық көлемі 138,4 млрд теңгені құрады.
Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде компанияның салық аударымдары екі еседен аса өскен. Мұндай нәтижеге «Kaspi Магазин», «Kaspi...