Kia екінші буындағы Seltos моделін нарыққа шығарды. Шағын кроссовердің сыртқы келбеті ғана емес, ішкі технологиялық мүмкіндіктері де жақсарды.
Бағасы мен нарығы
Жаңа модельді ең алғаш рет сатуға шығарған ел – Үндістан, ол осы модель үшін маңызды нарықтардың бірі. Үндістанда Kia Seltos 2026 жылғы моделі 12 мыңнан 22 мың доллар аралығында (қазіргі курс бойынша шамамен 6,1–11,2 млн теңге) бағаланады. Еуропа мен Солтүстік Америкада кейінірек пайда болады және қымбатырақ болуы мүмкін.
Сыртқы көрінісі мен өлшемдері
Жаңа «Seltos» электрлі Kia EV5 пен EV9 модельдерінің стилінде жасалған, қатты әрі бұрышты дизайнымен ерекшеленеді. Кең радиаторлық торы айрықша көзге түседі. Алдыңғы буынмен салыстырғанда...