Шымкентте жыл басынан бері 78 автокөлік отқа оранған. Мамандар өрттің шығу себебін электр сымдарының қысқа тұйықталуынан көреді.
Шымкентте жол бойында жеңіл көлік өртеніп, артынан газ-ауа қоспасы жарылды. Құтқарушылар өртті сөндіру үшін көбікті оқпан атқан. Желіде тараған видеоларға қарағанда, өрт кезінде көлік маңында бірнеше адам болған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен бір адам күйіп, ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккен адам денесінің 22 пайызын күйік шалған.
«Науқас бет, мойын, кеуде және қол аймақтарынан күйік жарақатын алған. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Бет, мойын, дене және қолдарында I–III дәрежелі күйік анықталды.
Науқасқа инфузиялық, антибиотиктік және жергілікті ем жүргізілуде. Қазіргі уақытта жағдайы...