Батыс Қазақстан облысында 57 жастағы бұрынғы әкімдік қызметкері 16 жастағы жасөспірімге зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды.
Қазір полиция кәмелетке толмаған қыздың әкесінің уәжін тексеріп жатыр. Әкесінің айтуынша, жасы үлкен мемлекеттік қызметкер қызын мәжбүрлеп қатынасқа түсірген.
Ал бұған дейін қыз бен оның анасының сөзі әкесінің айтқанына қарама-қайшы еді. Олар барлығы екі жақты келісіммен болды деген. Бірақ әкесі қызына қысым жасалуы мүмкін деп есептейді. Осыдан кейін іс қайта қозғалды.
БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, қосымша айтылған мәліметтер сотқа дейінгі тергеу аясында тексерілген.
«Күдікті қамауға алынды. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қадағалауды прокуратура органдары жүзеге...