«Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесінің табысы 500 миллион теңгеден асты, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.
Маусым айында жолаушылар ЛРТ қызметін 2,1 миллион рет пайдаланған. Бір сапар бір адамға теңестіріледі.
«Ресми статистикаға сәйкес, тасымалданған жолаушылар саны бойынша елордалық ЛРТ маусым айында 2,4 миллион адамға қызмет көрсеткен Алматы метрополитенінен көп қалыс қоймайды. Қызығы, тасымалданған адамдар саны шамалас болғанымен, Астана ЛРТ-сының жолаушылар айналымы Алматы метросымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды. Алматыда – 34,9 миллион болса, Астанада – 46,5 миллион», – делінген хабарламада.
Талдаушылар көрсеткіштердегі айырмашылық жүйе желілерінің ұзындығына байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. «Tarlan Astana» жолдарыны...