Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сақтандыру компанияларына белсенді түрде аударып жатыр. 2026 жылдың бес айында зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аударылған ақша көлемі бірден 16%-ға жуық өсті. Нәтижесінде бұл мақсатқа жұмсалған жалпы сома 1,5 трлн теңгеге жақындады (нақты көрсеткіш – 1 461,1 миллиард теңге). Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шолуында жазылған.
Міндетті зейнетақы жарнасы бар шоттар саны жыл басынан бері 43 мыңға артып, 11,3 миллионнан асты. Еңбек жағдайы зиянды жұмыста істейтіндердің (кәсіби жарналар) шоттары 18 мыңға көбейіп, 781 мыңға жетті. Ал өз еркімен ақша жинайтындардың шот саны, керісінше, шамамен 8 мыңға азайып, 458 мыңды...