Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін тікелей трансферттерден бөлек, ірі инфрақұрылымдық және экономикалық жобаларды қолдау үшін арнайы қарыз да алынады. 2026 жылғы 30 маусымдағы мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін қордан бөлінген жалпы облигациялық қарыз көлемі шамамен 3,9 трлн теңгені құрады.
Бұл қомақты қаражат кезінде еліміздің қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандыруға, өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті қолдауға, халыққа арналған тұрғын үй құрылысына жұмсалған. Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, облигациялар, ең бірінші, үкіметтің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін сатып алынған.
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы нысандар да қордан алынған облигациялық қарыз есебінен қаржыландырылған...