Құрылтай қалыптасқаннан кейін гендерлік өкілдікті тек әйел депутаттар санымен ғана емес, олардың заң шығарушы органда қандай басшы қызметтерге ие болатынына қарай да бағалау қажет. Мұны Алматыда өткен «Құрылтай–заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сараптамалық алаңында Women in Tech Kazakhstan басшысы Әсем Болатжан мәлімдеді.
Саяси өкілдіктің сапалы жаңаруы да маңызды
Спикердің сөзінше, жаңа Құрылтайдың қалыптасуы конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асырудың және Қазақстанның саяси жүйесін ауқымды жаңартудың келесі кезеңінің бір бөлігі. Мұндай жағдайда мемлекеттік институттарды жаңарту ғана емес, саяси өкілдіктің сапалы жаңаруы да ерекше маңызға ие болады.
Әсем Болатжан қолданыстағы квотаны орындау саясатта әйелдердің толыққанды өкілдігіне жетудің алғашқы...