Атыраудан Ақтөбеге бағыт алған жолаушылар пойызында билетсіз мінген ер адам кенеттен көз жұмды. Оқиғаға байланысты жүргізілген қызметтік тексерістен кейін пойыз бастығы мен екі жолсерік жұмыстан босатылды. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай 2026 жылдың 13 шілдесінде № 691/692 жолаушылар пойызы Қандыағаш – Ақтөбе учаскесінде келе жатқанда орын алған.
Пойыз бастығының рапортына сәйкес, жолаушының билеті болмаған. Оны вагонға жолсерік заңсыз отырғызған.
Сапар барысында ер адам кенеттен қайтыс болған. Компания өкілдері бұл вагонның 2023 жылы шығарылғанын, ішіндегі кондиционер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және температуралық режим нормаға сай болғанын атап өтті.
Пойыз Ақтөбе станциясына жеткен бойда...