Астанада Қытай азаматы бір блоктағы 24 пәтердің иесі болып шықты. Бұл туралы белсенді Тоғжан Қожалы хабарлады.
Шетелдіктердің жылжымайтын мүліктерді көтерме сатып алуы оны қатты таңырқатқан.
21 қабатты 5 блоктан тұратын кешен
«Астанадан пәтер сатып алып жатырмын. Сатушыдан пәтердің құжаттарын алған кезде бір жайтқа таңғалдым. Бір ЖШС осы блоктағы 24 пәтердің иесі екен. Ал бұл тұрғын үй кешенінде барлығы 5 блок, әрқайсысы 21 қабатты. Мәселе неде? ЖШС-ның иесі – Қытай азаматы», – деп жазды Тоғжан Қожалы.
Белсенді шетел азаматының Қазақстанда еркін жылжымайтын мүлікке ие болу мәселесі туралы сауал қойды. Қазақстан азаматы емес кез келген адамның бұған қол жеткізе...