Freedom экожүйесінің классикалық финтех шеңберінен шыққанына көп болды. Бүгінде компания азық-түлікті дронмен жеткізуді сынақтан өткізіп, робототехникаға инвестиция құйып жатыр, HealthTech-ті дамытып, миллиондаған әуе және концерт билеттерін сатады. Ондаған әртүрлі сервисті біріктіріп, қалай бірыңғай SuperApp жасауға болады? Ұшқышсыз аппараттар әзірге курьерлерден қымбатқа түссе де неге болашақ соларда? Алып корпорацияның ішінде стартаптық рух қалай сақталып отыр? «Курсив» басылымы Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Лимен гиперперсонализация, қазақстандық ивенттердің алтын дәуірі мен қателесу құқығы туралы сөйлесті.
Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы ЖИ университет ашылмай жатып дауға қалды. Оқу ордасы колледж түлектерін грант конкурсына қабылдамау туралы шешім қабылдады.
Мәселенің мән-жайы
Qazaq AI Research University биыл алғашқы студенттерін қабылдауды бастады. Алғашында университет сайтында мемлекеттік грант конкурсына мектеп түлектері де, кәсіптік, техникалық колледж түлектері де қатыса алады деп жазылған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Kursiv Media-ға жіберген жауабында да солай көрсетілген. Бірақ кейінірек желіге университет әкімшілігі колледж түлектерінің құжатын қабылдамай жатқаны жайлы жазбалар жариялана бастады. Телеграм-арналардың жазуынша, кей түлектерге ҰБТ тапсырғанмен, олардың көрсеткішін есептемейтінін, грант конкурсына қабылдай алмайтынын айтқан.
Грант емес тек ақылы бөлімге түсе алады
Екі аяғымен тік тұрып, арқасын қарағайдың діңгегіне үйкелеген аюдың бейқам тіршілігі табиғат жанашырларын сүйсіндірді. Фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде тіршілік етеді.
Мемлекеттік парк қызметкерлері сирек кездесетін көріністің куәсі болды. Экологтардың әлеуметтік желіге жариялаған видеосында денелі аю үлкен қарағайдың діңгегіне арқасын ұзақ үйкелеп, қасынып болған соң өз жөнімен қорбаңдап кетіп бара жатыр.
Экологтардың кейінгі жылдары Жоңғар Алатауында жүргізген фототұзақ және мониторинг жұмыстары Тянь-Шань қоңыр аюының жиі кездесетінін және...
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер алкоголь сату ережесін қайталап бұзғаны үшін жазаға тартылды.
Рkzsk.info ақпаратына қарағанда, ол өмір бойына алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылған. Бұдан кейін ол кафесін сатуға мәжбүр болған.
Полицияның мәліметінше, жаңа иесі құжаттарды реттегенімен, мекеме әлі де ерекше бақылауға алынған. Бұған дейін онда қоғамдық тәртіп бірнеше рет бұзылған.
Жыл басынан бері өңірде алкогольді түнгі уақытта немесе 21 жасқа толмағандарға сатқан сегіз нысан анықталып, олардың лицензиясы бір айға тоқтатылды.
Сондай-ақ алты ай ішінде полиция 12 заңсыз алкоголь саудасы дерегін анықтаған. Заңсыз айналымнан 200 литрден астам спирттік өнімді, оның ішінде контрафактілік ішімдіктерді тәркіледі. Тәртіп сақшылары алкогольге тәуелді сегіз адам
«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» директорлар кеңесінің құрамы ауысты. Кеңес құрамынан Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар мен Норберт Манфред Грундке шығарылып, орнына шетелдік топ-менеджерлер – Ху Фред Зулиу, Пехочиньский Януш Валенти мен Чарон Вардини Бин Мохзани тағайындалған.
Ху Фред Зулиу (Fred Zuliu Hu) – Primavera Capital Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және басшысы. Ол компанияның даму бағытын айқындап, әлемдік инвесторлармен серіктестік орнатуға жауап береді. Фредтің бастамасымен Alibaba, Ant Group, Yum China, ByteDance (TikTok иесі), Xpeng және SenseTime сияқты танымал алып компанияларға үлкен инвестициялар құйылды.
Бұрын ол әлемге әйгілі Goldman Sachs банкінің Қытай аймағындағы төрағасы және...
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Франция ұлттық құрамасында үлкен өзгеріс орын алады. Ұзақ жылдар бойы команда тізгінін ұстаған Дидье Дешам қызметінен кетіп, оның орнына аңызға айналған француз маманы Зинедин Зидан жаңа бас бапкер болып тағайындалады. Мадридтік «Реалдан» кеткеннен кейін бірнеше жыл бойы үзілісте болған Зидан осылайша үлкен футболға қайта оралмақ.
Италиялық танымал инсайдер-журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, қазіргі бас бапкер Дидье Дешам бұл шешімін әлем біріншілігі басталмай тұрып-ақ қабылдап қойған. Ол турнир аяқталған соң өз еркімен қызметін босататынын алдын ала мәлімдеген. Биылғы Әлем чемпионатында оның шәкірттері жартылай финалға дейін жеткенімен, Испания құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып, алтын жүлдеден...
Түнгі уақытта Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында адасып кеткен жасөспірімдер табылды.
ТЖМ ақпаратына қарағанда, «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары байланысқа шықпай қалған бозбалаларды іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.
«Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы хабарлама түскеннен кейін іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу аумағын анықтауға олардың бірінің бұған дейін жіберген бейнежазбасы негіз болды. Байланыстың болмауына және геолокацияны анықтау мүмкін еместігіне қарамастан, құтқарушылар таулы аумақты жедел түрде тексерді», – делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде төрт жасөспірім Терра алаңы маңында, тау лашығынан жоғары орналасқан жерде табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар жасөспірімдерді тау соқпағымен...
Open AI компаниясы ақылды колонка дайындап жатыр. Гаджет ChatGPT базасында жұмыс істейді, иесінің жеке көмекшісі тәрізді болады деп жазады Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұл құрылғыны үйде «ақылды көмекші» тәрізді пайдалануға болады. Ол музыка қояды, сұрақтарға жауап береді, мессенжерде хабарлама жібереді, басқа да тапсырмаларды орындай алады. Bloomberg дереккөздерінің сөзінше, Open AI оны ЖИ дәуірінде жасалған компьютердің жаңа типі тәрізді таныстырмақшы.
Гаджеттің басты артықшылығы – бір адамға бейімделе алатынында. Уақыт өте келе ЖИ иесінің әдеттерін әбден зерттеп, оның сұрауынсыз-ақ қажетті ақпарат ұсынып, қалауын алдын ала біліп отырады. Мәселен, күнде ескертусіз-ақ жұмысқа шығар алдында ауа райы болжамын ұсынып, қажетті автобусты...
Назарбаевтың туыстарына тиесілі компаниялар бірнеше жылдан бері бюджетке салық берешегін төлемей жүр. Мемлекеттік кірістер комитеті ай сайын қазынаға салық қарызы бар компаниялар тізімін жариялайды. Сол тізімнің көш басында марқұм Болат Назарбаевпен байланысы бар компания тұр.
«Ai-To Progress» ЖШС-ның бюджетке салық қарызы 114 млрд теңгеге жуықтаған. Соның 63,5 млрд теңгесі негізгі қарыз болса, 50,4 млрд теңгесі – өсімпұл.
Осыдан 19 жыл бұрын құрылған компанияны кейбір басылымдар Болат Назарбаевпен байланыстырады. Сол жылдары BN DEC SERVICE деп аталып, құрылтайшылар құрамында Назарбаевтың өзі болғанын жазады. Назарбаев 2017-2019 жылдары құрылтайшылар қатарында болған.
Алайда қазір аталмыш компания жұмысын тоқтатып...
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жаңа маусымда Майкл Джексонның әйгілі Billie Jean әніне билейді. Мәнерлеп сырғанаушы дайындықтан үзінді жариялап, поп-корольдің төл биіне айналған «Ай жүрісін» қаншалықты жақсы меңгергенін көрсетті.
Шайдоров осы қойылымды жарысқа емес, гала-кешке жиналған жанкүйерлер үшін әзірлеп жатыр. Жанкүйерлерге арналған қойылымды хореограф Иван Ригини әзірлеген.
«Жаңа маусым, жаңа қойылым. Хореографиясы үшін Иван Ригиниге көп рахмет. Жаңа нәрсе үйренудің өзі бір ғанибет!
Нәтижесін көрсететін сәтті тағатсыздана күтіп...
TIBO 2026 көрмесінде таныстырылған жаңа Changan Uni-L электр седанының бағасы шамамен 8,3 млн теңге болып белгіленді.
Changan Uni-L қандай мүмкіндіктер ұсынады
Changan Uni-L – Uni модельдер желісіндегі алғашқы толық электрлі седан. Электр жетегіне көшкеніне қарамастан, көлік дәстүрлі автомобильдердің ыңғайлы басқару элементтерін сақтап қалған.
Атап айтқанда, онда кәдімгі есік тұтқалары, климат-бақылауды басқаруға арналған батырмалар, жүргізушілерге үйреншікті басқару элементтерінің классикалық орналасуы қарастырылған.
Өндірушінің айтуынша, мұндай шешім бензинді көліктен электрлі модельге көшуді жеңілдетеді.
143 ат күшіне тең
Changan Uni-L өлшемі бойынша D-класындағы седандар қатарына жатады. Автомобильдің ұзындығы – 4785 мм, ені – 1840 мм, биіктігі – 1470 мм, ал...
Shin-Line балмұздақтары Қытай, Сауд Арабиясы және ТМД елдеріне экспортталады. Өткен жылы рекордтық көлемде 15 мың тонна балмұздақ жөнелтілген. Ал Fruit Art пен LST AGRO кәсіпорындарында өндірілетін қызанақ пен сублимацияланған өнімдердің 90%-ы Ресейдің ірі сауда желілеріне жіберіледі. Жалпы алғанда Алматы облысында өндірілген өнімдер 61 елге экспортталып жатыр деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Өңірдегі 50-ге жуық кәсіпорын тауарларын тұрақты түрде шетелге экспорттайды. Оның ішінде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Ирак, Пәкістан, Германия, Польша, Румыния және Болгария тәрізді мемлекеттер бар. Соңғы үш жылда экспорт көлемі 2,1 есе өсіп, 291,7 млн долларға жетті.
Шетелге шығарылатын тауарлардың 60%-дан астамы – ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта...
«Челси» сапына енді ғана өткен Дастан Сәтбаев клубтың медиа-блогы – Blue Season Daily паблигінің жұлдызына айналып үлгерді. Оның әлеуметтік желіге жарияланған суреттері бір тәулікте мыңдаған лайк жинады.
Лондондық «Челси» футбол клубының тыныс-тіршілігі мен жаңалықтарын баяндайтын танымал жанкүйерлер парақшасы Дастан Сәтбаевтың суреттерін жиі жариялайтын болды. Өйткені контент-мейкерлер 17 жастағы қазақ футболшысы туралы хабарды жұрт көп оқитынын бірден түсінді. Алматылық жас жігітке қолдау көрсетушілердің дені – қазақ жанкүйерлері.
Мәселен, Blue Season Daily дүйсенбі күні ғана Threads-тегі парағына Сәтбаев туралы үш рет жазба жариялады. Дастанның кешегі жаттығудағы суреттері жарты тәуліктің ішінде-ақ 20 мыңнан астам like жинап үлгерді. Салыстырар болсақ, «Челси» жұлдызы Коул Палмердің
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы аяқталуға жақын. Заманауи әуе айлағы 2026 жылдың желтоқсан айында ашылады.
AstanaTV телеарнасының хабарлауынша, құрылыстың маңызды кезеңдерінің бірі ұзындығы 2 мың метрден асатын, ені 35 метрлік ұшу-қону жолағының салынуы болды. Бұл жолақ Bombardier Q400 және сол тектес заманауи жолаушылар ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар құрылысшылар республикалық маңызы бар автожолдың 5 шақырымдық бөлігін төсеп, перронды толық дайындады.
Қазіргі уақытта терминал ғимаратының, «Қазаэронавигация» нысандарының және техникалық бөлмелердің құрылысы жалғасып жатыр. Құрылыс басталғалы бері болашақ әуежай аумағынан 2,5 миллион тоннадан астам топырақ шығарылды. Жер бедерінің күрделілігіне байланысты ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін қамтамасыз ету...
Алматы облысындағы Шелек ауылында дәл ортасында байланыс бағандары бар тротуар салынды.
Бұл жайт тұрғындардың ашуын тудырды. Өйткені жаяу жүргіншілер тротуарда бағандарға тіреліп, айналып өтуге тура келеді. Бағандар «Қазақтелеком» АҚ-ға тиесілі екен.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жайтты растады.
«Қазіргі уақытта Шелек ауылында Вихрев, Қайыпов, Қабылов және Нұрғазин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу қарастырылған. Орташа жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы «АИС ПРОЕКТ» ЖШС әзірлеген. Жоба бойынша 2025 жылғы 13 мамырда №460/2025 ведомстволық қорытынды алынған», – деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, жобаға тапсырыс беруші – Еңбекшіқазақ ауданының Жолаушылар көлігі және...
АҚШ пен Иран арасындағы жағдай қайта шиеленісіп, инвесторлардың назары Ормұз бұғазына ауды. Сол себепті бұғаздағы кез келген қауіп мұнай бағасын ғана емес, доллар бағамын, инфляция күтімін және қор нарықтарының көңіл күйін де өзгерте алады.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, АҚШ Иранға қысымды күшейтіп, Иран порттарына қатысты теңіз блокадасын қайта енгізген. Бұған дейін Вашингтон Тегеранды Ормұз бұғазындағы коммерциялық кемелерге қауіп төндірді деп айыптаған. Иран болса мұны қысым саясаты деп бағалап отыр.
Нарықтың алаңдауы бекер емес. Ормұз бұғазы – әлемдік энергия нарығының ең сезімтал нүктелерінің бірі. Бұл жерден мұнай мен сұйытылған газ тасымалдайтын танкерлер өтеді. Егер кеме қозғалысы баяуласа немесе қауіп күшейсе...
Миллионер Кеңес Рақышев Fincraft Group компаниясынан дивиденд алмайтын болды. Жалғыз акционердің шешімі қор биржасындағы хабарламада жазылған.
Акционер шешіміне сәйкес, компанияның 2025 жылғы аудиторлық есебі бекітіледі.
«Осы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Серіктестіктің 2025 жылға арналған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту. 2025 жылғы қызмет нәтижелері бойынша таза табысты бөлмеу және дивидендтер төлемеу», – делінген хабарламада.
Рақышев бұған дейін де дивиденд алудан бас тартқан.
Fincraft Group холдингінің қаржылық есептілігіне сүйенсек, компания 2025 жылды 16,78 млрд теңге таза пайда алған.
Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең дәулетті бизнесмендері рейтингінде 27-орында тұрған Кеңес...
Ішкі істер министрлігі Түркияда оқ тиіп қайтыс болған қазақстандық Ариф Исмаиловқа қатысты ақпарат жариялады.
Айта кетейік, 2026 жылдың наурызында ер адамды бәзбіреулер атып кеткен. Оның жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істегені белгілі. БАҚ мәліметінше, белгісіз адам ер адамға жақындап келіп, басынан атқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ол алған жарақатынан қайтыс болды.
Содан кейін бірнеше елдің полициясы бірігіп, қылмысты жасады деген күдікті 2 адамды ұстады.
«Тергеу барысында қылмыстың жасалу себебі, кісі өлтіруді ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші анықталды. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық ортаның өкілдері және халықаралық іздеуде жүрген», – деп хабарлады полиция.
Ұйымдасқан қылмыстық топ...
Енді ІІМ-ге түсу үшін емтихан тапсырып жатқан түлектердің жаттығуын ата-аналары тікелей эфирден көріп отырады. Министрлік жоғары оқу орындарына қабылдау процесін «Qyzmet-Police.kz» ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматқа ауыстырып жатыр.
«15 шілдеден бастап талапкерлер тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға кіріседі. Барлық сынақ бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ата-аналар сынақ барысын жеке қатысып бақылай алады», – деп хабарлайды Polisia.kz. –
Түлектер нормативтерді жоғары оқу орындарында емес, кандидаттардың тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде тапсырады. Әрқайсысының орындалуы бейнежазбаға түсіріледі. Ал аяқталғаннан кейін әр үміткердің материалдары тиісті жоғары оқу орныны...
Алматыда Ақан сері көшесінің Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты 6 автобус қозғалыс бағытын өзгертеді деп ескертеді Көлік холдингі.
15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №30, №73, №96, №102, №135 және №138 бағыттар уақытша төмендегі кесте бойынша қатынайды:
№30 бағыт
Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай «Алматы-1» теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін барады. Кері бағытта: «Алматы-1» теміржол вокзалынан шығып, Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай үйреншікті бағытымен жалғастырады.№73 бағыт
Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай «Алматы-1» теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін барады. Кері бағытта: «Алматы-1» теміржол вокзалынан шығып, Сейфуллин даңғылымен жүріп, әрі қарай...Халықаралақы физика олимпиадасының (IPhO-2026) бес жеңімпазы елге оралды. Оларды оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастаған топ Алматы әуежайында күтіп алды.
Халықаралық физика олимпиадасы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өтті. Оған әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет бес алтын медаль жеңіп алды. Олар: Нұргүл Егенбергенова, Әмірбек Азатбеков, Ілияс Қазымбек, Роман Черемнов және Дамир Құрман.
Ұлттық құрамаға Гүлия Нұрбақова, Самат Мақсұтов және Әлішер Еркебаев жетекшілік етті.
Жеңімпаздарды әуежайда күтіп алған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушыларды тарихи жетістікпен құттықтады. Министр ұлттық құраманы жоғары деңгейде дайындауға және тарихи нәтижеге жетуге үлес қосқан педагогтер...
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Испания құрамасы Францияны айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты. Ал Франция құрамасы енді үшінші орын үшін таласатын болады.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ шиеленіскен ойын басталды. Испаниялықтар допқа иелік ету мен шабуыл ұйымдастыруда ширақтық танытты. 22-минутта Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабаль пенальтиді мүлтіксіз орындап, есеп ашты.
58-минутта Дани Ольмоның керемет пасынан кейін қорғаушы Педро Порро қақпаны дәл көздеп, есепті еселеді.
Франция құрамасының бас бапкері екінші таймда бірнеше ойыншыны алмастырып, ойын өрнегін өзгертуге тырысқанымен, Испанияның темірдей қорғанысын бұза алмады.
Араға 16 жыл салып
Испания соңғы рет осыдан тура 16 жыл бұрын (2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатында) финалға шығып, чемпион атанған болатын. Міне...
Украинаның Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкасын қолдады. Онымен бірге үкіметтің бүкіл құрамы автоматты түрде отставкаға кетті, деп хабарлайды Ukrinform.
Тиісті шешімге 258 депутат дауыс берді. Дауыс беру алдында парламентте сөйлеген Юлия Свириденко депутаттар мен мемлекеттік органдарға ынтымақтастық, Украина президентіне сенім білдіргеніне, ал ел азаматтарына қолдауы мен еңбегі үшін алғыс айтты.
Ол үкіметтің халықты қолдауға, энергетика, білім беру, көлік, денсаулық сақтау және тұрғын үй салаларының жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге баса назар аударғанын атап өтті.
Премьер-министрмен бірге бірінші вице-премьер-Энергетика министрі Денис Шмыгаль, вице-премьерлер және министрліктердің басшылары өз өкілеттіктерін тоқтатты.
Жоғарғы Рада төрағасы Руслан Стефанчук...
Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен балабақша салынды, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Биыл сәуір айында Петропавлда прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен салынған «Жас өркен» бөбекжай-бақшасына балаларды қабылдау басталды.
Жобалық қуаттылыққа сәйкес бақшада 12 топ қарастырылған, бұл 280 орынды құрайды. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымда 232 бала тәрбиеленіп жатыр, балаларды қабылдау жалғасуда.
Балабақша салынғаннан кейін 300-ге жуық орын тапшылығы қысқарды, бұл «Жас өркен» шағын ауданының тұрғындары мен Солтүстік Қазақстан облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі тарапынан оң бағаланды.
Сонымен қатар, облыс аумағында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған денсаулық сақтау және коммуналды...