Алматы облысында Қаржаубай Нұрымовтың отбасына арналып демеушілердің қаражаты есебінен жаңа үй салынып жатыр. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
Үйдің құрылысына Асқар есімді азамат қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Ол өзінің атын жариялағысы келмегенімен, халық нағыз батырды білуі тиіс екенін атап өтті. «Асқар бауырыма Алла денсаулық берсін», – деп жазды Мейірман Шекеев.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімдігі құрылыс барысын толық бақылауда ұстап, барлық құжаттарын рәсімдеп, жұмысты соңына дейін жеткізуге уәде берген.
«Мен үшін уәде – ҚР Азаматтық кодексінің талабына сәйкес міндеттеме. Ал міндеттемеден біржақты бас тартуға жол берілмейді. Ол соттағы...