Елдің батысында жел күшейіп, солтүстік пен шығыста аяз, ал оңтүстікте жаңбыр жауады. «Қазгидромет» 15 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -25…-27°C, күндіз -18…-20°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жаңбыр, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде + 2… + 4°C, күндіз +8…+10°C. Ақтауда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы -18…-20°C, күндіз -13…-15°C. Атырауда бұлтты, қар, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -4…-6°C...Жаңалықтар
АҚШ Мемлекеттік Департаменті 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатты. Бұл шешім өтініш берушілерге бақылауды күшейту шеңберінде қабылданды, деп хабарлайды DW.
Ақпаратқа сүйенсек, жаңа шара 21 қаңтардан бастап әрі қарай ескертілгенге дейін күшіне енеді. Ресейден басқа шектеуге ұшыраған елдер тізіміне Ауғанстан, Бразилия, Мысыр, Иран, Ирак, Йемен, Нигерия, Сомали, Таиланд және «басқа елдер» кіреді.
FOX News мәліметінше, мемлекеттік Департамент басшылығы қызметтік жазбада шешімді «қоғамға ауыртпалық түсіруі мүмкін деп саналатын өтініш берушілердің қызметін тоқтату» ниетімен түсіндіреді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Мемлекеттік департаменті қылмыстық әрекетке байланысты 100 000-нан астам визаның күшін жойды.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Дональд Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттерге қатысты...
Астана қаласының тұрғыны қоғамдық көлік аялдамасын қиратқаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамалды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта 20 жастағы ер адам Молдағұлова көшесіндегі аялдамаға қасақана зақым келтірген. Ол павильонның артқы қабырғасын ұрып сындырған.
«Не болып жатқаны бейнебақылау камераларына түсті. Полиция жасағы күдіктіні анықтап, жедел түрде барды. Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сот оған 10 тәулік мерзімге тыйым салуды тағайындады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар жас жігіт келтірілген зиянды өтеуі керек.
Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру 60 АЕК-ке дейін айыппұл салуға (259 500 теңге) немесе 30 тәулікке дейін қамауға алуға жазаланатынын...
Астанада жас жігіт құқық қорғау органдарының қызметкеріне оқ атқан, шабуылдаушы ұсталды, деп хабарлады елорда полиция департаменті.
«Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықпен өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен», – деп хабарлады полиция.
Жәбірленушінің өзі полицияға қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері күдіктіні тауып, ұстады. Ол 21 жастағы астаналық болып шықты.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мылтық тәркіленді. Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкері және оқиға кезінде еңбек демалысында болған», – деп хабарлады полиция.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
Әлеуметтік желілерде оқ тиген азамат «Сұңқар» арнайы бөлімшесін...
Түркістан облысының Арыс қаласында мұнай базасының сорғы станциясындағы өрт жанармай құйылған резервуарларға өтпей жойылды, деп хабарлады «ҚазақстанТеміржол».
Ақпаратқа сүйенсек, Арыс-Монтайтас тас жолының бойында орналасқан Арыс қаласының мұнай базасы аумағындағы сорғы станциясында өрт шыққан. Мұнай өнімдері шамамен 30 шаршы метр аумақта өртенген.
Жағдай тез арада жоғары қауіп санатына көшкен. Бекітілген ғимаратқа және жақын жерде орналасқан бес резервуарға өрттің таралу қаупі болды. Түркістан облысы ТЖД сұрауы бойынша Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы жедел сөндіруге қосылды.
«Өрт оқшауланып, толығымен жойылды. Сөндіруге 60 адам, оның ішінде ТЖД, Өрт сөндіру пойызы және басқа да қызметтер қатысты. Он бірлік техника жұмылдырылды», – деп хабарлады ведомстводан.
Зардап...
Алматы қаласының төменгі ауданындағы Үлкен Алматы өзені жағасы Рысқұлов пен Райымбек даңғылдарының аралығында адамдар серуендейтін соқпақ жол ашылды. Alatau Terrenkur деп аталатын мекенді тұрғындар жоғары бағалады.
Түнгі шамдар мен орындықтар орнатылған жарық жол қазірдің өзінде демалысқа ыңғайлы орынға айналды.
Өзенді жағалай шағын сәулет нысандары да қойылған. Мәселен, көпшілік «Шаңырақ» арт-нысанын мақтады.
«Бұрын осы жерден жай ғана өтіп кететінбіз, ал қазір серуендейтін орынға айналды. Балалармен қыдыруға ыңғайлы, кешке серуендеу де жағымды – жарық, жинақы әрі қауіпсіз. Үйдің маңынан осындай кеңістіктердің ашылғаны қуантады», – дейді аудан тұрғындарының бірі.
Соқпақ жолға ағаш пен көгал егілді. Заманауи...
15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына Астанада кейбір оқушылар онлайн режимде оқитын болады. Бұл туралы елордалық Білім басқармасы хабарлады.
«2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Осыған дейін алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайтынын жазған едік. Солтүстік-батыс циклонының арқасында елде қар, жаңбыр, боран және көктайғақ болады деп болжанды.
14 қаңтарда да бірінші ауысым онлайн оқыған еді. Алайда тек 0-9 сынып оқушылары онлайн оқыған болатын.
2026 жылы 16 қаңтарда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласындағы музыка фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Димаштың ресми сайты.
«Құрметті достар! 16 қаңтарда Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласында өтетін 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестиваліне қатысады», – делінген ресми хабарламада.
Tmall NEWTY Festival Offline Events – Қытайдағы Alibaba Group-қа тиесілі Tmall платформасы ұйымдастыратын офлайн іс-шара. Шарада әдетте онлайн-сауда фестивальдерін (мысалы, Double...
Әкім Асайын Байханов басқаратын Павлодар облысы маса, шыбын-шіркеймен күреске 13,6 млрд теңгенің тендерін 2025 жылдың аяғында жариялаған. Ал бүгін, 14 қаңтарда қомақты қаражатқа қатысты мемлекеттік сатып алу өтпей қалғаны мәлім болды. Бұл туралы Kursiv.Media хабарлайды.
Күмәнді тендерге кәсіби палуанның клинингпен айналысатын фирмасы мен Түркістан облысындағы ауылда тіркелген компания кірген еді.
Кәсіби палуанның компаниясы
Тендердің қорытынды хаттамасында ашық байқауға екі компания өтініш бергені айтылған. Олар:
«В и К ЛТД» фирмасы; «ҚазақБитум» компаниясы.eGov мәліметінше, «В и К ЛТД» компаниясының жалғыз қожайыны – Амри Багустар Қайратұлы. 1996 жылы Астана қаласында құрылған компания 2024 жылғы 24 қазанда қайта тіркеуден...
13 қаңтар күні Алматыдан Қызылордаға бағыт алған КС985 рейсіндегі Airbus A320 ұшағы әуеге көтерілген соң қайта оралған. Air Astana экипаж ұшақты не себепті Алматы әуежайына кері қайтарғаны жайлы түсіндірді.
Air Astana мәліметінше, Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан ұшақ Алматыға оралған.
«Ақаулар анықталмағандықтан, әуе кемесі қайта пайдалануға берілді. Алматыдағы ауа райына және Airbus NEO әуе кемелеріндегі пайдалану шектеулеріне байланысты компания әуе кемесін FlyArystan ұшағына ауыстыруға мәжбүр болды, осыған байланысты рейс одан әрі кідірді», – делінген хабарламада.
Ұшақ Алматыдан сағат 02:34-те қайтадан ұшып шыққан. Жалпы 12 сағат 24 минут кешіккен. Компания жолаушыларға тама...
Жапондық Honda Motor автоконцерні компанияның барлық автокөлік бағытына ортақ жаңа логотипін таныстырды.
Жаңа эмблема алдымен Zero сериялы электромобильдерге қойылады. Ал 2027 жылдан бастап Honda-ның барлық электр және гибрид үлгілерінде қолданылатын болады.
«Honda өз эмблемасын жаңартып, компанияның трансформацияға бет алғанын білдіргісі келеді. Бұл – Honda-ның түп негізінен асып, үнемі жаңа сынақтар мен жетістіктерге ұмтылуын көрсететін корпоративтік ұстаным. Жаңа дизайн екі қолдың алға созылған бейнесін елестетіп, Honda-ның мобильділікті дамытуға және автокөлік тұтынушыларының қажеттіліктерін шынайы қанағаттандыруға деген ұмтылысын білдіреді», – делінген компания мәлімдемесінде.
Жаңа логотипті Honda дилерлік орталықтарында және автоспортта да қолдану жоспарланып отыр.
2026 жылдан бастап іске қосылған бюджет-салық реформасы инфляцияның жаңа толқынын туындатуы мүмкін. Халық қымбатшылық қыспағында қалмақ. Бұл пікірді «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова «Капитал» басылымына білдірді.
Қаржыгердің айтуынша, бағаның өсуі қысқа мерзімді сипатта болуы ықтимал. Алайда соған қарамастан, инфляциялық қысымды тежеу үшін Ұлттық банк ақша-несие саясатын тағы да қатаңдатуға мәжбүр болады. Яғни базалық мөлшерлемені көтеру мәселесі күн тәртібіне шығады.
Бұл ретте Елена Бахмутова базалық мөлшерлеме экономикадағы ақшаның құнын айқындайтын негізгі көрсеткіш екенін атап өтті. Егер базалық мөлшерлеме 18% немесе одан жоғары деңгейде сақталса, банктер беретін қарыздың пайызы одан әрі қымбаттай түседі.
Соның ішінде егер ипотеканы...
Астанадағы православ шіркеулерінде 18-19 қаңтарда Крещение рәсімі өтеді.
Рәсім кезінде шомылуға болатын арнайы орындар бекітілген. Суға 18 қаңтар сағат 20:00-ден 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін түсуге болады.
Төтенше жағдайлар департаменті діни рәсім кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райын ескеруге шақырды.
Шомылатын жерлерде мына ережелерді ұстанған жөн:
ойық маңында 3 адамнан аспауы керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсуге болады; суға кірмес бұрын денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін ыстық шай ішіп, жылы киініңіз; суға түскен кезде денсаулығыңыз нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнындағы кезекші дәрігерлерге жүгініңіз.Сондай-ақ балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Арнайы бекітілген жерден басқа маңда суға түсуге...
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қара теңізде мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме таратты. Онда ресми Астана елдің энергетика саласына нұқсан келтіретін осы оқиғадан соң шұғыл кездесулер өткізгені айтылған.
СІМ 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңізде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына бет алған үш танкердің дрондар шабуылына ұшырағанына алаңдағанын жеткізген. Соған байланысты ресми билік Батыс елдерімен шұғыл хабарласқан.
Мәлімдемеде Еуропаның бірқатар мемлекетінің елшілерімен, сонымен бірге АҚШ тарапымен шұғыл кездесулер ұйымдастырылғаны айтылған.
«Халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән бердік» делінген...
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауы өңірдегі жағдайды қиындатты. Теміртау қаласында жүздеген адам жылусыз қалды. Бұған тұрғын аудандарға жылу беретін магистральдық жылу трассасындағы апат себеп болған.
8-ші шағын аудандағы 40-қа жуық көпқабатты үй және Отрадное кентіндегі ондаған жеке үйге жылу жеткізу тоқтаған. Бірнеше бизнес нысандары мен әлеуметтік нысандарда да жылу уақытша өшкен.
Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, апат болған құбырлар бөлігі өте ескі. Бұл учаске 1970-ші жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген болып шықты.
«Апат болған учаске анықталды, мамандар қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Бригадалар жұмыс істеп жатыр, барлық қажетті күштер мен техника жұмылдырылды», – деп жазды әкім ахуал туралы.
Соңғы...
Несие тарихы – сіздің қаржылық өткеніңіз туралы баяныңыз. Банктер бұрынғы несиелеріңізді қалай төлегеніңізге қарап, келешектегі төлем жасау қабілетініңізді болжайды. Тиімді бөліп төлеу, автонесие мен ипотеканың беріліп-берілмесі дәл осы несие тарихыңызға байланысты.
Өзіңіздің несие тарихыңызды қалай көре аласыз
Несие тарихыңыз жөніндегі жеке деректерді Freedom SuperApp қосымшасынан көруге болады. Ол үшін «Сервистер» бетіне кіріп, «Мемлекеттің қызметтер» бөліміне өтіп, «Несиелік есепті» басыңыз.
Қызмет ақылы – барлық несиелер және оларды қалай төлегеніңіз жөніндегі деректерді көру 400 теңге тұрады.
100 теңгеге өзіңіздің несие рейтингіңізді білуге болады. Осы арқылы қарыз алушы ретінде қаншалық сенімді тұлға екенініңізге берілген бағаны көре аласыз. Мәселен, «несие төлеу қабілті өте...
Түркістан облысы қыстың бел ортасында егін салу науқанын бастап кетті. Қазақстанның ең оңтүстігінде орналасқан Мақтаарал ауданындағы шаруалар қызылша мен қырыққабат екті. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мақтааралдық шаруа Шағыр Күшербаев ас үй қызылшасын заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы өсіруді көздеп отыр. Алғашқы өнім сәуір айында пісіп жетіледі.
Сонымен бірге осы ауданда жақын арада қырыққабат егу жұмыстары да басталады.
«Көкөністің осы түрі де ерте пісетін дақылдардың қатарына жатады және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім», – деп есептейді облыс әкімдігі.
Мақтаарал биыл жалпы көлемі 60,3 мың гектар егістік алқапты...
Әлеуметтік желілерде «кредитті есептен шығарып береміз» деп уәде ететін делдалдар көбейген тұста, қазақстандық банктер дабыл қақты. Қаржы ұйымдары мұндай уәделерге сенбей, делдалдарға ақша бермей, барлық ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырып отыр. Бұл туралы банктер Kursiv.Mediа сауалына берген ресми жауабында мәлімдеген.
ForteBank әлеуметтік желілерде тараған кредиттік берешекті жаппай есептен шығару туралы ақпарат шындыққа сай келмейтінін хабарлады. Банктің мәліметінше, берешекті есептен шығару мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында әр қарыз алушы бойынша жеке қаралады.
Егер банк тарапынан қандай да бір акциялар немесе арнайы бағдарламалар болса, ол туралы қарыз алушыларға тек ресми арналар арқылы тікелей хабарланады.
Bereke Bank те өз жауабында маңызды...
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепте бір адам тек екі жыл директор болуы керек деп есептейтінін мәлім етті.
Министрдің жеке әлеуметтік парақшасында жарияланған видеода Сүлейменова осы мәселе турасында пікірін айтты.
«Жеке өзімнің министр ретіндегі ұстанымым – директордың қызмет мерзімі екі жыл болуы қажет. Кемі екі оқу жылы болуы қажет. Ал егер ол директордың жұмыс нәтижесі жақсы болып жатса, білім сапасы жақсарса, балалардың нәтижелері жақсы болып, қауіпсіздік, мұғалімдердің біліктілігі мәселелері дұрыс болса, онда директорға тағы бір мерзім беруге болады. Сонымен, 4 жылға тағайындалуы қажет деп санаймыз», – деді министр.
Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, бұл позиция тиісті бұйрыққа енгізіледі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Самұрық-Қазына» компаниясының менеджментіндегі ЖИ-директордың статусына баға берді. Агенттіктің мәлімдеуінше, ЖИ тәуелсіз директор статусына сай емес. Бұл туралы агенттікке сауал жіберген Инвесторлар қауымдастығы жазады.
ҚНРДА «Акционерлі қауымдастық туралы» заңға сілтеме жасайды. Құжатқа сәйкес, директорлар кеңесінің мүшесі тек физикалық тұлға болуы керек. Бұл талап барлық АҚ-ға таралады. Яғни «Самұрық-Қазына» холдингінде тек физикалық тұлға директор болуы керек.
Ал SKAI атты ЖИ-менеджер тәуелсіз директор статусына сай емес. Тәуелсіз директор болу үшін кәсіби пайымдау, жеке және фидуциарлық жауапкершілігі болуы тиіс.
ЖИ-ді директор ретінде тағайындау үшін Қазақстан заңнамасына сай болу керек, «Самұрық-Қазынаның» корпоративтік басқару кодексінің оған...
Amanat фракциясының депутаты Үнзила Шапақ Roblox ойын платформасының балалар психикасына кері әсері болуы мүмкін екенін айтып, Үкіметке қатаң шаралар қабылдауды, қажет болған жағдайда шектеуді ұсынды.
Оның айтуынша, бұл платформаны күн сайын шамамен 150 млн адам пайдаланады. Негізгі аудитория – кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер.
«Қазіргі таңда «Roblox» сөзін білмейтін бала жоқ. Бұл пайдаланушыларға өз ойындарын құруға, виртуалды әлемдерде қарым-қатынас жасауға және басқа ойыншылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық платформа», – делінген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жолдаған сауалында.
Балаларға қандай әсері бар
Депутаттың сөзінше, ата-аналар, мұғалімдер...
Қазақстанда құрастырылатын көліктерді шетел нарығына шығару мәселесі әзірге келіссөз кезеңінде. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты.
Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда көлік өндірісі бар және экспортқа шығару да жоспарда бар. Алайда нақты қай елдерге жөнелтілетіні әзірге жария етілмейді.
Журналистер Ресей, Қытай немесе Қырғызстан сияқты елдерді нақтылап сұрағанымен, Олжас Сапарбеков бұл мемлекеттердің де өз өндірісі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан тарапы Еуропа Одағы елдерімен де келіссөздер жүргізіп жатыр. Бірақ вице-министр нақты мемлекеттердің атын атаудан бас тартты. Себебі келіссөздер әлі аяқталмаған, ал ерте жариялау бәсекелестікке әсер етуі мүмкін.
«Қазір...
Семей тұрғыны Тимур Ержанұлы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде заңсыз ұсталып, жазықсыз қамауда отырғаны, абақтыда азапталғаны үшін 4,5 млн теңге өтемақы өндіріп алды. Бұған қоса, сот пен прокуратура одан кешірім сұрады. Kursiv.Media іс материалдарымен танысып, жәбірленуші азаматпен сөйлесті.
Абақтыда азапталған
Тимур Ержанұлы 2022 жылғы 8 қаңтарда ұсталып, Семейдегі тергеу изоляторына түскен. Оған «әкімшілік ғимаратты күшпен басып алу», «жаппай тәртіпсіздік жасау» айыптары тағылған. Техник-эколог ұсталғаннан бірнеше күн бұрын көппен бірге митингіге шыққан, бірақ 6 қаңтарға қараған түні Семей әкімдігіне шабуыл жасалған уақытта алаңда болмаған.
Астана қалалық сотының 2023 жылғы 19 маусымда шығарған үкімінде «полиция қызметкерлері заңсыз ұстағанда, тергеуде...
Шымкенттегі Шымсити ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде 16-қабаттан ер адам құлағаны туралы ақпарат шықты. Оқиға орнынан тараған видеоға қарағанда, ол тіл тартпай қайтыс болған.
Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.
«Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін, Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің бірінен зейнеткердің денесі табылған.