Брюссельге ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ пен Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) жоғары лауазымды тұлғаларымен маңызды кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысы Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичпен, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және ЕИБ вице-президенті Марек Морамен келіссөздер жүргізді.
Әңгімелесу барысында Президент ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен болған кездесулердің қорытындысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұл келіссөздер Астана мен Брюссель арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге жол ашқан.
12 миллиард долларлық келісімдер – сенім белгісі
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың экономикалық тұрғыдан өте жемісті болғанын қадап айтты. Сапар...