Ресейдің Омбы облысында бензин мен дизель отынын сатуға шектеу енгізілді. Бұл туралы осы өңірдің губернаторы Виталий Хоценко телеграм-арнасында хабарлады. Саратов облысының билігі де осындай шектеу енгізген.
Омбы облысы Қазақстанның Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Хоценко белгілеген тәртіп бойынша, өңірде жанармай бекеттерінде бір көлік 40 л бензин және 80 л дизель отынын сатып ала алады. Ал күре жолдардағы бекеттерде 40 л бензин мен 200 л дизель ғана сатылады. Сұйық газға шектеу жоқ.
Губернатор мұндай шараны «қолдан жасалған тапшылықты болдырмас үшін» қабылданғанын мәлімдеді.
Ресейдің Саратов облысында да бензин саудасына уақытша шектеу енгізілгені мәлім болды. РБК дерегінше...