АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен байланыс орнатқан елдерге қосымша баж салығын енгізетінін ескертті. Бұл уақытта көтерілісте қаза тапқандар саны 512-ге жетті.
«Бүгіннен бастап Иран Ислам Республикасымен кәсіп жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен іскерлік операциясы үшін 25% көлемінде баж салығын төлейді. Жарлық өзгермейді, бұлжытпай орындалады», – деп жазды Трамп өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісіне.
Трамп қосымша тарифтерді тура бір жыл бұрын билікке екінші мәрте келгелі бері қысым көрсетудің бір әдісі ретінде жиі қолданып жүр. Әсіресе сауда соғысы барысында оның баж салығын бірнеше есе өсіріп жібере алатынына бәрі куә болды.
Алайда Трамп Иранның достарына...