Reddit әлеуметтік желісі Google-мен келісімшартқа отырды. Google бұл желіні жасанды интеллектінің модельдерін оқыту үшін пайдаланады. Ал биржаға шығуға дайындалып жатқан Reddit әлеуметтік желілермен жарнама үшін қатаң бәсекелестік жағдайында жаңа табыс көзін табуға ниетті. Google-мен келісімшарт оған пайда әкелетіні анық.
Reddit Google-мен ЖИ мазмұнын лицензиялау туралы келісімшарттан жылына шамамен $60 миллион алады, деп жазды Reuters дереккөзге сілтеме жасай отырып.
«Бұл мәміле IPO-ға шығуға дайындалып жатқан Reddit-тің TikTok пен Meta жарнама берушілері үшін қатаң бәсекелестік жағдайында жаңа табыс табуды көздейтінін көрсетеді», – делінген хабарламада.
Өткен аптада Reddit келісімшарты туралы бірінші болып хабарлаған Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, бұл әлеуметтік желін...