1,6 трлн теңге. Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджеті осындай көлемде. Республикалық бюджет донорының бірі саналатын қала өз атауына сай ма? Кезінде жемісі уылжыған алма бақтарының жойылып кеткені туралы Парламент мінберінен де айтылды. Әлеуметтік желілерде де Алматыда қоғамдық алма бақ неге жоқ деген сауал қойылып жатады. Шешім журналистикасы жобасы аясында «Курсив» тілшісі Алматыны, шын мәнінде, алма қаласына айналдырудың шешімін іздеп көрді.
2023 жылдың қараша айында Әділет министрлігі «Алматы апорты» Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін хабарлады.
Италияға ресми сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ жанындағы «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының» (FAO) бас директоры Цюй Дунъюға апорт алмасын таныстырғаны мәлім. Өйткені Алматы апорты...