Үкімет сағатында премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаға» «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектеп салуға жер бермей отырған әкімдіктердің жұмысын сынға алып, оларға бұл мәселені шешуге жарты айдан артық уақыт берді.
Премьер министр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өз уақытында аяқталмау қаупі жоғары екенін айтты. Ол «Самұрық-Қазына» қорының тарапынан мердігер ұйымдардың жұмысына тиісті бақылау жасалмайтынын, әкімдіктердің формализмге салып жүргенін мәлімдеді.
«Жекелеген өңірлерде әлі күнге дейін жер учаскелерін рәсімдеу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері шешілмей келеді. Өңір әкімдері тарапынан жасалып отырған формализм мен мәселені орталыққа ысыра салу әрекеті жобалау және құрылыс жұмыстарының кешігуіне әкеп соқтыруда», – деді үкімет басшысы...