Алексей Навальный түзету колониясында қайтыс болды/Фото: Shutterstock
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 48 жасқа қараған шағында Ямало-Ненецк автономиялық округінің №3 түзеу колониясында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Федералдық қылмыстық атқару қызметі аймақтық департаментінің хабарламасына сүйеніп ria.ru таратты.
«16 ақпанда №3 түзеу колониясында сотталушы А.А. Навальный серуендеп келгеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалды. Мекеменің медицина қызметкерлері келді, жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігері сотталушының қайтыс болғанын растады. Өлімнің себебі анықталуда», – делінген хабарламада.
А. Навальныйдың адвокаты Леонид Соловьев марқұмның отбасының шешімі бойынша ештеңеге...