Фото: shutterstock.com
Америка қор индекстері АҚШ-тың мемлекеттік қарызына қатысты келіссөздер оң нәтиже берердеген үмітпен бейсенбідегі сауда-саттықты оң мәнде жапты.
Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти келіссөзге қатысушылар келесі аптада Конгресстің төменгі палатасында осы мәселе бойынша дауыс беруге мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізе алады деп сенеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден «бюджет бойынша келісімге келеміз – Америка дефолтқа жол бермейді» деген еді. Ол бір ымыраға кететіндерін, өйткені «басқа жол жоқ» екені айтты.
Сонымен қатар бейсенбі күні АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға алғашқы өтініштердің саны 22 мыңға, яғни 242 мың адамға дейін азайғаны белгілі болды. Сарапшылар жұмыссыздар...