Freedom Holding Corp. құрылымына кіретін Freedom Telecom мобильді операторы Wi-Fi 7 технологиясын пилотты сынақтан өткізді. Нәтижесінде сымсыз интернет жылдамдығын 6- дан 30 есеге дейін жеделдетуді жоспарлап отыр. Жаңа Wi-Fi желісінің интернетке қосылу жылдамдығы 3 Гбит/с-тан асады. Ал Қазақстандағы операторлардың көпшілігі ұсынатын интернет жылдамдығы 100-500 Мбит/с (0,1-0,5 Гбит/с) құрайды. Бұл туралы компанияның баспасөз хабарламасында айтылды.
Жоғары жылдамдық пайдаланушыларға ақымды көлемдегі деректерді жедел жүктеп алуға және тасымалдауға мүмкіндік береді. Видеолар легін жоғары сапада жіберуге, онлайн ойындарды тоқтаусыз ойнауға және басқа да көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
Жаңа Wi-Fi желісі тіпті жүктеме жоғары болған жағдайдың өзінде сенімді байланыс пен өнімділіктің артуын қамтамасыз етеді. Жаңа...