Ресей 3 жылу электр орталығын салып бергені үшін Қазақстаннан қанша ақша алады? Бұл сұраққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев нақты жауап бере алмады.
Министр жылу электр орталықтары Ресейдің қаржысына салынатынын, Қазақстан Ресейге қанша төлейтіні әзірше белгісіз екенін мәлімдеді.
Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан тарапынан жобаға «Самұрық-Энерго» АҚ қатысатынын атап өтті. Алайда ол «Самұрық-Энерго» АҚ жылу электр станцияларының жарғылық капиталына салатын қаражатты қайдан алатынын айта алмады.
Журналистердің: «қаражат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынуы мүмкін бе?» – деген сұрағы жауапсыз қалды.
«Қазақстанның энергетика саласындағы өзекті мәселелерді ескерсек, біз шынымен электр энергиясының жаңа көзіне мұқтажбыз. Инвестиция Ресейден болады. Несиенің өзі Ресей бюджетінен субсидияланады. Олар ЖЭО...